Мәжіліс басшысы Бахрейнде

Куртулмуш Бахрейнде Король Хамад Бин Иса Әл Халифамен кездесті.

2094891
Мәжіліс басшысы Бахрейнде

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Нуман Куртулмуш Бахрейнде Король Хамад Бин Иса Әл Халифамен кездесті.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағалығынан жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Куртулмуш әл-Халифамен сарайда өткен кездесуде дос және бауырлас Бахрейн елінде болғанына риза екенін білдірді.

Бахрейн Өкілдер палатасы және Шура кеңесінің басшылары және мүшелерімен нәтижелі кездесулер өткізгендерін білдірген Куртулмуш Түркия мен Бахрейн арасындағы қарым-қатынастардың саяси, экономикалық және мәдени салаларда әлдеқайда жоғары деңгейге жететініне сенетінін атап көрсетті.

Бахрейн королі Әл Халифа Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Куртулмуштың сапарына риза екенін білдіріп, екі ел арасындағы қарым-қатынастардың парламенттердің талпыныстарымен әр салада ілгерілейтініне сенетінін атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар