АҚШ пен Ұлыбританияның Йеменге әуе шабуылдары

Ердоған  «АҚШ пен Ұлыбритания Қызыл теңізді қантөгіске  айналдаруды» деді.

2088052
АҚШ пен Ұлыбританияның Йеменге әуе шабуылдары

Президент Режеп Тайып Ердоған  «АҚШ пен Ұлыбритания Қызыл теңізді қантөгіске  айналдаруды» деді.

Президент Режеп Тайып Еродған Америка Құрама Штаттары (АҚШ) мен Ұлыбританияның Йеменге жасаған әуе шабуылына байланысты «Олар Қызыл теңізді қантөгіске айналдырғысы келеді» деді.

Президент Ердоған Стамбулда жұма намазынан кейін журналистерге мәлімдеме жасады.

АҚШ пен Ұлыбританияның Йеменге жасаған әуе шабуылдарына тоқталған Ердоған бұлардың барлығының шексіз күш қолдану екенін айтып: «Израиль Палестинада да шексіз күш қолдануда.  Иран осының барлығынан өзін қалай қорғауды қарастыруда. Ұлыбритания бұл үдерісте әрқашан Америка Құрама Штаттарымен бірге қадам басқан және қадамын жалғастыруда. Баршаға аян АҚШ пен Ұлыбритания Қызыл теңізді қантөгіске  айналдырғысы келеді. Йемен хоуситтермен бірге АҚШ  пен Ұлыбританияға тойтарыс беретінін алға тартуда» деді.

Президент Ердоған Оңтүстік Африка Республикасының Израильге «Газада Палестина халқына геноцид жасады» деген себеппен Гаагадағы Халықаралық Сотқа берген талап арызының жақсы болатынына сенетінін айтты.



Ұқсас жаңалықтар