Іздеу салынған Эймен Коли атты террорист залалсыздандырылды

Ұлттық Барлау ұйымы PKK/YPG террор ұйымының Камышлы аймағы жауапкері Эймен Колиді залалсыздандырды.

2081723
Іздеу салынған Эймен Коли атты террорист залалсыздандырылды

Ұлттық барлау ұйымы (ҰБҰ) Сирияның Камышлы аймағында PKK/YPG террор ұйымының жауапкері Эймен Колиді залалсыздандырды.

Қауіпсіздік көздерінен алынған мәліметке қарағанда ҰБҰ террорист Колидің Сириядағы ұйымның жоғары лауазымды тұлғаларының бірі екенін анықтады.

Жедел келген ақпарат негізінде бақылауға алынған террорист Камышлыда сәтті жүзеге асқан операциямен залалсыздандырылды.

Сирияның Амудели аймағында залалсыздандырылған террористтің бұрын шекара желісінде қауіпсіздік күштеріне қарсы шабуыл ұйымдастырғаны және «Бейбітшілік бұлағы» операциясы кезінде қауіпсіздік күштерімен қақтығысқаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар