"Төгілген әрбір тамшы қан үшін жауап береді"

Президент Ердоған Израильге тағы бір рет нарызылық білдірді.

2139983
"Төгілген әрбір тамшы қан үшін жауап береді"

Президент Режеп Тайып Ердоған Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мен Газадағы геноцидке қатысқандардың төккен әрбір тамшы қаны үшін жауап беретінін айтты.

Президент Ердоған өзі төрағасы болып табылатын Әділет және даму партиясының (АК партия) Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі топ жиналысында сөз сөйледі.

Израильдің Газада 7 айға созылған геноцидіне тағы бір рет нарзылық білдірген президент Ердоған "Нетаньяху мен геноцидке қатысқандар төгілген әрбір тамшы қан үшін жауап береді. Біз геноцидшілердің заң алдында жауап беруі үшін соңына түсеміз. Израиль Газада тоқтайды деп ойламаңыз. Егер бұл құтырған ел, бұл террор мемлекеті тоқтатылмаса, ерте ме, кеш пе, Анадолыға да көз тігеді» деді.

Ердоған өз жерлерінің тәуелсіздігі үшін күресіп, Анадолыны да қорғаған Палестинаның тойтарыс қозғалысы Хамастың жанында болуды жалғастыратындарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар