Газадан эвакуацияланған 142 түрік азаматы  Мысыр арқылы Стамбулға келді

Стамбулға  келген азаматтарды қарсы алған кейбір туыстар көз жасын тыя алмады.

2072041
Газадан эвакуацияланған 142 түрік азаматы  Мысыр арқылы Стамбулға келді

Израильдің шабуылдары салдарынан Газадан эвакуацияланған 142 түрік азаматы мен олардың туыстары Мысыр арқылы Стамбулға келді.

Түрік азаматтарын тасымалдаған Түрік Әуе жолдарының ұшағы Стамбул әуежайына қонды.

Азаматтарды әуежайда Сыртқы істер министрлігінің өкілдері мен Апат және төтенше жағдайлар басқармасы (AFAD) лауазым иелері қарсы алды.

Паспорттық тексеру жұмыстарынан кейін кейбір азаматтар бөлінген көліктермен әуежайдан шықты, ал басқа аймақтарға баратындар автобустармен AFAD анықтаған қонақүйлерге орналастырылды.

Стамбулға  келген азаматтарды қарсы алған кейбір  туыстар көз жасын тыя алмады.



Ұқсас жаңалықтар