Түркия мен Румыния арасындағы қарым-қатынас дамуда

Джевдет Йылмаз Түркияның Қаратеңіз қауіпсіздігі үшін Румыниямен бірге жұмыс істеп жатқанын айтты.

2132589
Түркия мен Румыния арасындағы қарым-қатынас дамуда

Вице-президент Джевдет Йылмаз Түркияның Қаратеңіз қауіпсіздігі үшін Румыниямен бірге жұмыс істеп жатқанын айтты.

Йылмаз ресми кездесулер жасау үшін барған Румынияның астанасы Бухарестте премьер-министр Марсель Чиолакумен кездесті.

Жеке және делегация аралық кездесулерден кейін бірлескен баспасөз мәслихаты өтті.

Йылмаз екіжақты және көпжақты кең ауқымды қамтитын өте оңды күн тәртібі аясында ілгерілеген қарым-қатынастарды талқылағандарын білдірді.

Екі ел арасында құрылыстан денсаулыққа, энергетикадан автокөлікке дейін көптеген салада ынтымақтастық бар екенін түсіндірген Йылмаз Румынияның Балқандағы Түркияның ең үлкен сауда серіктесі екеніне назар аударды.

Йылмаз кездесуде аймақтық мәселелерді, әсіресе Қаратеңіздің қауіпсіздігін де талқылағандарын білдірді.

Йылмаз «Украинадағы соғыс басталғаннан бері Түркия қақтығыстарды тоқтатуға, жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және Қаратеңізде кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосты және қосуды жалғастыруда» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар