Түркия Палестина халқының қасында

Ердоған «Түркия мемлекетімен және ұлтымен тарихта болғандай осы таңда да палестиналық бауырларының жанында» деді.

2070657
Түркия Палестина халқының қасында

Президент Режеп Тайып Ердоған «Түркия мемлекетімен және ұлтымен тарихта болғандай осы таңда да палестиналық бауырларының жанында» деді.

Президент Ердоған 29 қараша Палестина халқымен халықаралық ынтымақтастық күні мерекесіне орай әлеуметтік медиа парақшасында жазба мәлімдеме жасады.

«Түркия мемлекеті және ұлтымен тарих бойы болғандай бүгінде палестиналық бауырларының жанында» деген Ердоған сөздерін былай жалғастырды: «Газалық бауырларымызға гуманитарлық көмегіміз жалғасуда. Бүгінге дейін Эль Аришке 12 ұшақ пен 1 ​​кеме толы көмек материалы жөнелттік. 1500 тонна гуманитарлық көмек тасымалдайтын екінші кемеміз бүгін жолға шықты. Науқастар мен жараланғандарды Түркияға әкеліп емдейміз. Газада құрылатын Дала ауруханалар үшін орындарды анықтау жұмыстары жүргізілуде. Кепілге алынғандарды босату үшін байланыстарымызды жеделдетеміз».



Ұқсас жаңалықтар