Түрік Қарулы күштерінің Әзербайжандағы міндет мерзімі бір жылға созылды

Бұл туралы құжат кеше Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде қабылданды.

2065231
Түрік Қарулы күштерінің Әзербайжандағы міндет мерзімі  бір жылға созылды

Түрік Қарулы күштерінің Әзербайжандағы міндет мерзімі тағы бір жылға созылды.  Бұл туралы құжат кеше Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде қабылданды.

Аталған құжатта Әзербайжан, Армения және Ресей тарапынан 2020 жылдың 9 қараша күні қол қойылған Үштік декларацияда көзделген іс-қимылдарының жалғасып жатқаны атап көрсетілді.

Әзербайжанның тәуелсіздігін қолдап, мықты көмек берген Түркияның аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықтың нығаюы үшін маңызды үлес қосатыны айтылды. Сонымен бірге Түркияның Орталық басқару механизмі арқылы аймақ қауіпсіздігіне үлес қосқаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар