Министр Кожа "Түрік-Палестина достық ауруханасы" туралы мәлімдеме жасады

Фахреттин Кожа аталмыш аурухананың қызметін жалғастыруы үшін шара қолданылатынын атап көрсетті.

2058222
Министр Кожа "Түрік-Палестина достық ауруханасы" туралы мәлімдеме жасады

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Түрік-Палестина достық ауруханасының қызметін жалғастыруы үшін шара қолданылатынын атап көрсетті.

Министр Кожа әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған мәлімдемесінде Түркияның Газа секторына салған Түрік-Палестина достық ауруханасы маңының кеше жергілікті уақыт бойынша сағат 23:00 шамасында қатты бомбаланғанын атап көрсетті.

Кожа «Төңірегі қарқынды бомбаланған бұл ауруханамыз Газа секторындағы жалғыз қатерлі ісік ауруханасы. Науқастарда қазір басқа амал жоқ. Өлім төсегінде жатқан онкологиялық науқастардың дәрілері таусылды. Қызметкерлердің ауруханаға барып-қайтуы және жедел жәрдемнің науқастарды ауруханаға жеткізуі мүмкін емес екені белгілі.

Газа секторында еліміз тарапынан құрылған онкологиялық аурухананың қызметін жалғастыруы үшін шара қолданылатынына күмән болмасын. Аурухананың айналасында қозғалатын барлық нәрсені бомбалайтындар, бұл үшін адам ар-ұжданында жауапұа тартылады» деді.

Палестина ақпарат агенттігі «WAFA» Газадағы Түркия-Палестина достық ауруханасының Израиль шабуылында нысанаға алынғанын жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар