Іздеу салынған үш террорист залалсыздандырылды

Министр Йерликая соңғы террорист жойылғанға дейін күрестің жалғасатынын білдірді.

2055602
Іздеу салынған үш террорист залалсыздандырылды

Ішкі істер министрі Али Йерликая бірі қызғылт сары,  екеуі сұр категорияда іздеу салынған үш террористің Диярбакыр Лижеде залалсыздандырылғанын,  бір террористің Шырнакта ұсталғанын білдірді.

Министр Йерликая әлеуметтік желіден хабарлама жасап,  шейіттердің қанының жерде қалмағанын айтып,  соңғы террорист жойылғанға дейін күрестің жалғасатынын білдірді.

Ол операцияға байланысты мәлімет берді.  Әскерлердің Диярбакыр Лиже ауылында террористердің қашатын жолына кедергі жасап,  аймақты қоршауға алғанын, жікшіл PKK террорлық ұйымының үш террористінің залалсыздандырылғанын айтты.

Залалсыздандырылған террористердің бірі «Бедран Кожа» лақап атты Назым Хикмет Үлгеннің «терроризмнен іздеу салынғандар» тізімінде қызғылт сары, «Живан» лақап етті Онур Камилоғлунің және «Сеит Батман Брүск» лақап атты Мұхаммед Гөнйелінің болса сұр категорияда іздеу салынған террористер екені анықталды.

Шырнак қалалық жандармерия қолбасшылығы болса операцияда Хасан Бинбир атты террористі ұстады.

 



Ұқсас жаңалықтар