Ердоған мен Сильва телефон арқылы сөйлесті

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы мәлімдеме жасады.

2052423
Ердоған мен Сильва телефон арқылы сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Бразилия президенті Луис Инасио Лула да Сильвамен телефон арқылы сөйлесті.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасының әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасалған хабарламаға қарағанда, әңгіме барысында Израиль мен Палестина арасындағы шиеленіскен қақтығыстар және тыныштықты қамтамасыз ету үшін не істеу керектігі талқыланды.

Президент Ердоған әріптесімен Түркияның тұрақты бейбітшілік үшін шешім ұсыныстарын бөлісіп, ешбір елдің отқа май құймауын, адам құқығы аясында гуманитарлық көмекке қатысты баршаның нақты қадамдар басу керектігін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар