Танжу  Билгич «Бейбітшілік бұлағы» операциясы жайлы мәлімдеме жасады

Танжу Билгич «Бейбітшілік бұлағы» операциясының террор ұйымдары PKK/YPG және ДАИШ-тың террорлық әрекеттеріне соққы бергенін айтты.

2050232
Танжу  Билгич «Бейбітшілік бұлағы» операциясы жайлы мәлімдеме жасады

Түркия Сирияның солтүстігінде жүргізілген «Бейбітшілік бұлағы» операциясының Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің терроризммен күреске қатысты қарарларына сәйкес жүргізілгенін және аймақта бейбітшілік пен тұрақтылық ортасын қамтамасыз еткенін білдірді.

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Танжу  Билгич Америка Құрама Штаттарының  2019 жылдан бастап Сирияға қатысты «ұлттық төтенше жағдай» тақырыбымен шығарған президенттік жарлығына қатысты сұраққа жазбаша жауап берді.

«Бейбітшілік бұлағы» операциясының террор ұйымдары PKK/YPG және ДАИШ-тың террорлық әрекеттеріне соққы бергенін және Түркия шекарасынан шығарғанын атап көрсеткен Билгич операцияның Сирияның аумақтық тұтастығының қорғалуына да үлес қосқанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар