Еуропа Одағынан Түркияға көмек беріледі

ЕО Кеңесі Түркия, Италия және Румынияға 454,8 миллион евролық табиғи апат көмегін беруге келіскені білдірілді.

2038832
Еуропа Одағынан Түркияға көмек беріледі

Еуропа Одағының Түркияға 400 миллион евролық көмек беруіне шешім қабылданды.

ЕО-ға мүше елдердің өкілдерінен тұратын ЕО Кеңесі Түркия, Италия және Румынияға 454,8 миллион евролық табиғи апат көмегін беруге келіскені білдірілді.

Көмектің 400 миллионы ақпан айында болған жер сілкінісі себебімен Түркияға келеді. Аталмыш көмектің 33,9 миллион евросы 2022 жылы құрғақшылықпен арпалысқан Румынияға, 20,9 миллион евросы селмен шайқасқан Италияға беріледі.

Осы қаржылай көмек Еуропа Парламенті және ЕО Кеңесінде бекітілгеннен кейін төленеді.



Ұқсас жаңалықтар