Түрік пилотсыз әуе көліктері неміс баспасөзінде орын алды

«Frankfurter Allgemeine» газеті Түркияның қорғаныс өнеркәсібіне талдау жасады.

2025301
Түрік пилотсыз әуе көліктері неміс баспасөзінде орын алды

Түркияның қорғаныс өнеркәсібіндегі күшті қадамдары неміс баспасөзінде талқыланды.

«Frankfurter Allgemeine» газеті Түркияның қорғаныс өнеркәсібінің күшеюіне байланысты талдау жасады.

Андреас Михм қолға алған сараптамада «Түрік қорғаныс өнеркәсібі бұрынғыдан да табысты» делініп, көптеген елдің түрік пилотсыз әуе көліктерін қалағанына назар аударылды.

Газет «Әңгіме пилотсыз әуе көліктеріне келетін болса, Түркия технологиялық, әскери және экономикалық тұрғыдан державаға айналды» деп жазды.

Мақалада «Bayraktar TB2» қарулы пилотсыз әуе көлігіне бөлек назар аударылды.

Пилотсыз әуе көліктері мақталған сараптамада бұл көліктердің әртүрлі салада сынақтан сүрінбәй өткені баса айтылады.

Түрік қорғаныс өнеркәсібінің тек пилотсыз әуе көліктерімен шектелмегеніне тоқталған талдауда Стамбулда өткен Халықаралық қорғаныс өнеркәсібі көрмесіне де орын берiлген.

Мақалада «Жыл сайын шілде айының соңында сала көрмеде не істей алатынын көрсетеді. Бір армияға қажет нәрсенің бәрі назарға ұсынылады» делінді.

Мақалада биылғы жылы Халықаралық қорғаныс өнеркәсібі көрмесіне 800-і шетелден, барлығы 1 500 фирманың қатысқанына назар аударылады.



Ұқсас жаңалықтар