Түрік әскерлерінің адамгершілік әрекеті

Түрік әскерлері PKK-лық террорист әйелді зембілге салып алып, емдеді.

2020580
Түрік әскерлерінің адамгершілік әрекеті
yarali kadin terorist1.jpg
yarali kadin terorist.jpg

Түрік әскерлері операция аймағында жаралы ретінде ұстаған террор ұйымы PKK-лық террорист әйелді зембілге салып алып, емдеді.

Ұлттық Қорғаныс Министрлігінің мәлімдемесінде Ирактың солтүстігінде жаралы ретінде ұсталған Шенгүл Булут есімді террористтің әскерлер тарапынан зембілмен көтеріп жүрген сәттердің суреттерінің де орын алғанын білдірді.

Алынған мәліметтерге қарағанда, әскерлер Ирактың солтүстігіндегі «Пенче-Килит» операциялық аймағында іздеу және тексеру жұмыстары кезінде Хасанава алқабы маңындағы үңгірде террор ұйымына тиесілі оқ-дәрілерді  анықтады.

Жасырынған лаңкестік топ әскерлерге оқ жаудырғаннан кейін аймақта қызу қақтығыстар орын алды. Аймаққа әуеден қолдау шақырылғаннан кейін лаңкестік топ әскерлер тарапынан залалсыздандырылды. Қақтығыс кезінде атылмыш топтағы террорист Шенгүл Булут жараланды.

Әскерлер Шенгүл Булутты зембілмен база аймағына жеткізіп, террористтің жараларын емдеді.



Ұқсас жаңалықтар