Мосулда түрік фирмасы медициналық қызмет көрсетуде

Аймақты қалпына келтіруге түрік фирмалары елеулі үлес қосып отыр.

2006346
Мосулда түрік фирмасы медициналық қызмет көрсетуде

Түріктің бір  фирмасы Ирактың Мосул қаласында диализ орталығын ашып, ирактық науқастарға қызмет көрсетіп отыр.

Террор ұйымы ДАИШ 2014 жылы басып алып, 3 жыл жаулап алған Мосулды қалпына келтіру жұмыстарына Түрік фирмалары елеулі үлес қосуын жалғастыруда.

Ирактың көптеген қаласында денсаулық сақтау қызметтерін ұсынатын түрік фирмасы Мосулда диализ орталығын ашты, орталықта күн сайын ондаған науқас емделуде.

Түрік фирмасының осындағы өкілі Мұхаммет Сабыр Ирак Денсаулық сақтау министрлігінен алған жоба аясында елдің көптеген қаласында диализ қызметін ұсынғандарын айтты. Ол Мосулда 3 орталық жұмыс істеп тұрғанын білдірді.

Түркияның Мосулдағы бас консулы Мехмет Күчүксакаллы да Мосул халқының денсаулық, саяхат және инвестиция сияқты салаларда қажетті қызметті алу  үшін Түркияны таңдағанын айтты. Күчүксакаллы қала халқының емделу мақсатында Түркияға барғанына назар аударды.

Бас консул сонымен бірге осында «Ибн-и Сина» ауруханасы  салынатанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар