Президент Ердоған туралы деректі фильм

Ресейлік журналист Михаил Гусман президент Ердоған туралы деректі фильм дайындады.

2002455
Президент Ердоған туралы деректі фильм

Ресейлік журналист Михаил Гусман президент Режеп Тайып Ердоған туралы деректі фильм дайындады.

ТАСС пен «Россия-24» телеарнасы дайындаған деректі фильм Түркияның Мәскеудегі елшілігінде көрсетілді.

Деректі фильмде Ердоғанның балалық шағынан бергі өмірі, саясатта көтерілуі, табыстары мен басшылығы кезіндегі қызметтері алдыңғы сұхбаттарынан үзінділермен бірге баяндалған.

22 жылдан бері бағдарлама жасап келе жатқан журналист Гусман 4 рет кездескен жалғыз басшының президент Ердоған екенін атап көрсетті.

Гусман деректі фильмнің Ресейде миллиондаған көрермен тарапынан тамашаланғанын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар