Мьянмада қаза тапқан бейбіт тұрғындар саны 6337-ге жетті

Мьянмада 2021 жылдың ақпан айындағы төңкерістің алғашқы 20 айында қаза тапқан бейбіт тұрғындар саны 6337-ге жетті.

1999311
Мьянмада қаза тапқан бейбіт тұрғындар саны 6337-ге жетті

Осло Бейбітшілік зерттеу институты жариялаған рапортта төңкерістен кейінгі 20 ай ішінде Мьянмада қаза тапқан және жараланған бейбіт тұрғындардың саны талданды.

Есепке қарағанда 2021 жылдың 1 ақпаны мен 2022 жылдың 30 қыркүйегі аралығында саяси себептермен 6 мың 337 адам қаза тауып, 2 мың 614 адам жарақат алған.

Есеп бойынша  «Бұл көрсеткіш БАҚ-тағы көрсеткіштерден әлдеқайда жоғары, бірақ бұл деректер сенімді ақпарат көздерінен алынған өлім санына негізделген» делінген.

Мьянма армиясы 2020 жылғы жалпы сайлауда алаяқтық жасады деген айыптар айтылып, елде саяси шиеленіс орын алған соң 2021 жылдың 1 ақпанында билікті тартып алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар