Президент Ердоған Сивас қаласында халыққа үн қатты

Ердоған «Әзербайжандық бауырларымызбен көлік инфрақұрылым саласын жетілдіреміз».

1990119
Президент Ердоған Сивас қаласында халыққа үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған «Әзербайжандық бауырларымызбен көлік инфрақұрылым саласын жетілдіреміз» деді.

Сивас қаласында кеше қалың жұртқа үн қатқан Ердоған «Біз жүрдек пойыз мүмкіндігін басқа қалаларымызға да жеткіземіз. Сондай-ақ Йеркөй теміржол станциясынан Кайсериге байланыс желісін орнатамыз. Бұл жолды Эрзинджан, Эрзурум және Карсқа дейін жеткізіп, ол жақтан Баку-Тбилиси желісіне қосамыз деген үміттеміз» деді.

«Темір Жібек жолы» деп аталатын бұл жол арқылы аймаққа дүниежүзілік маңызы бар стратегиялық бір тыныс жолы ашатындарын айтқан Ердоған «Лондоннан шығатын бір адам біздің ел арқылы Пекинге дейін бара алатын болады. Әрине мұның бәрін әзербайжандық ағайындармен бірге жасаймыз. 30 жыл оккупацияның артынан Қарабахты қалай азат етсек, салған құбыр желілеріміз арқылы Түркияны шығыс пен батыс арасында энергия орталығына қалай айналдырсақ, экономикадан қорғаныс өнеркәсібіне, саудадан мәдениетке дейін барлық салада ынтымақтастықты қалай нығайтқан болсақ әзербайжандық бауырларымызбен көлік инфрақұрылымын да дәл солай жетілдіреміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар