Президент баршаға алғыс айтты

Ол сайлаудың демократия мейрамы секілді өткенін білдірді.

1987384
Президент баршаға алғыс айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған 14 мамырда сайлауға рекордтық деңгейде қатысқан  азаматтарға алғыс айтты.

Президент Ердоған екі жеке телеарнаның ортақ бағдарламасында журналистердің сұрақтарына жауап беріп, күн тәртібіне қатысты мәлімдемелер жасады.

14 мамыр күні өткен президенттік және парламенттік сайлауда сайлауға келген әрбір азаматқа алғысын білдірген Ердоған сайлаудың Түркияға лайық үлкен демократия мейрамы болғанын айтты.

Ұлт көрсеткен кемелдіктің әр түрлі алғыстан жоғары екенін атап көрсеткен Ердоған «Сайлаушылардың 90 пайызына жақыны сайлауға қатысты. Сондай-ақ мен барлық саяси партияға, кандидатқа, бұқаралық ақпарат құралдарына, сондай-ақ сайлау процесінде саяси белсенділікті арттыруға атсалысқан қауіпсіздік күштері мен сот жүйесінің барлық қызметкерлеріне алғысымды білдіргім келеді. Сайланған  барлық депутаттарды алдын ала құттықтаймын және оларға сәттілік тілеймін» деді.

Президенттік сайлаудың бірінші турында халықтың өзіне үлкен ілтипат көрсеткенін атап көрсеткен Ердоған ұлттың Парламенттегі көпшілік орынды Джумхур альянсына бергенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар