Парламентте депутаттардың саны белгілі болды

Джумхур альянсы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде 321 депутаттың орнына қол жеткізді.

1986727
Парламентте депутаттардың саны белгілі болды

Бейресми нәтижелерге қарағанда, 14 мамырда өткен сайлауда Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде  басым көпшілік орынды Джумхур альянсы иеледі.

Сайлаушылардың 49,46 пайызы Джумхур альянсын таңдады.

Осылайша Джумхур альянсы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі 322 депутат орнын жеңіп алды.

Жаңа кезеңде Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде Әділет және даму партиясынан 267, Ұлтшыл қозғалыс партиясынан  50, Қайта әл-ауқат партиясынан  5 депутат орын алады.

35,02 пайыз дауыс жинаған Миллет альянсы парламентте 213 орынға ие болды.

Республикалық халық партиясы  169 депутатпен және Жақсы партия 44 депутатпен Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде орын алады. 

Сайлауға Республикалық халық партиясы  тізімінен кірген Садет партиясы 10 депутат, Дева партиясы 13, Болашақ партиясы 10, Демократиялық партия 3 депутатты Парлементте  жолдайды.

Жасыл солшылдар партиясы 61, Түркияның жұмысшылар партиясы  4 депутатты Парламентке жібереді.

 



Ұқсас жаңалықтар