Түркияда  ертең сайлау болады

Түркияда  ертең Президент және 28-ші кезекті Парламент сайлауы өтеді.

1985915
Түркияда  ертең сайлау болады

Дауыс беру ел көлемінде  Түркия уақытымен 08.00-де  басталып, 17.00-де аяқталады.

Бүгін бағат 18:00-де басталатын үгіт-насихат тыйымы  24 сағат бойы жалғасады.

Ертең сайлау учаскелері жабылмайынша, үгіт-насихаттағы жаңалықтар мен хабарлар жасалмайды.

Сағат 18.00 мен 21.00 аралығында Жоғарғы сайлау комиссиясы кеңесінің сайлауға қатысты жаңалықтары мен коммюникелері жарияланады.

Сағат 21:00-ден кейін барлық хабарлар еркін болады, Жоғарғы сайлау комиссиясы бұл уақытты ертерек орната алады.

Президенттік сайлаудың бюллетенінде Режеп Тайып Ердоған, Мухаррем Инже, Кемал Кылычдароғлу және Синан Оғанның есімдері орын алады. Алайда үміткерлердің бірі Мухаррем Инже 11 мамырда кандидаттықтан бас тартқанын хабарлады. Бюллетенді  басып шығару және тарату аяқталғандықтан, Инже есімі сайлаудың бюллетенінде  көріне береді.



Ұқсас жаңалықтар