Ердоған Гиресун қаласында халыққа үн қатты

Президент Ердоған Гиресун қаласында өткен митингте халыққа үн қатты.

1982736
Ердоған Гиресун қаласында халыққа үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған бір жақтан Қаратеңізде табылған табиғи газдың қуанышын сезінгенде Габар аймағында мұнай резерві тапқандарын сүйіншілегендерін атап, энергетика саласындағы жақсы жаңалықтардың жалғасатынын білдірді.

Президент Ердоған Гиресун қаласында өткен митингте халыққа үн қатты.

20 жылда жасағандарымен елдің инфрақұрылымдық кемшіліктерін аяқтағандарын атап көрсеткен Ердоған барлық сегменттердің құқықтары мен бостандықтары туралы талаптарын орындағанын мәлімдеді.

Қорғаныс өнеркәсібінде үлкен жетістіктерге қол жеткізгендерін білдірген Ердоған өнімділігімен күн тәртібінен түспеген отандық және ұлттық пилотсыз әуе көліктерінің бұл қадамдарға мысал екеніне назар аударды.

2013 жылдан кейін Халықаралық валюта қорына қарыздарын төлеп, бұл мекемемен қарым-қатынастарын үзгендерін түсіндірген Ердоған Түркияның өзін-өзі қамтамасыз ететін ел екенін атап көрсетті.

Ердоған «(2013 жылы) Орталық банкіміздің валюталық резерві 27 жарым миллиард доллар болса, қазір 115 миллиард долларға жетті. Бұл одан да артады» деді.

Энергетика саласындағы соңғы жаңалықтарға тоқталған Ердоған «Әлі Қаратеңіздегі табиғи газ қуанышының толқуын сезінбестен Шырнактың Габар аймағындағы мұнай сүйіншімізді сіздермен бөлістік. Жылдық тұтынуымыздың 10-нан бірін қамтамасыз ететін бұл жаңалық алаңда ашылған бір ғана кен орны» деді.

Бүгінге дейінгі еңбектер мен қызметтерден сөз қозғаған президент «Түркия ғасырын» сенімді қадамдармен жалғастыратындарын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар