Ердоған балалармен «TCG Anadolu» әскери кемесін шығарып салды

«TCG Anadolu» таңертең Сарайбурну портынан шығып, Босфор бұғазынан өтті.

1978297
Ердоған балалармен «TCG Anadolu» әскери кемесін шығарып салды
erdogan tcg anadolu ugurladi.jpg
erdogan tcg anadolu ugurlama.jpg
tcg anadolu.jpg
tcg anadolu.jpg

Әлемдегі алғаш қарулы пилотсыз әуе көлігі кемесі Президент Режеп Тайып Ердоған мен азаматтарды 21 рет зеңбірек атқылауымен қарсы алып, Босфор бұғазынан өтті.

Әлемдегі алғашқы пилотсыз қарулы әуе көлігі кемесі және Түркияның ең үлкен әскери кемесі «TCG Anadolu» таңертең Сарайбурну портынан шығып, Босфор бұғазынан өтті.

Сағат 12:00-де Долмабахче сарайына жақындап өткен әскери кеме президент Ердоған мен азаматтардың құрметіне 21 рет зеңбірек атқылап жолға аттанды.

«TCG Anadolu» президент Ердоған, Ұлттық білім беру министрі Махмут Өзер және жер сілкінісінен зардап шеккен балалармен қоштасты.

Отандық «TCG Anadolu» Босфор бұғазынан халықты сәлемдеп, әуе күштері қолбасшылығына тиесілі әскери ұшақ және тікұшақтармен бірге өтті.



Ұқсас жаңалықтар