«TCG Anadolu» 23 сәуір күні Стамбулдан Қаратеңізге өтеді

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар мәлімдеме жасады.

1977856
«TCG Anadolu» 23 сәуір күні Стамбулдан Қаратеңізге өтеді
akar tcg1.jpg
akar tcg.jpg

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар Түрік Қарулы күштерінің ең үлкен отандық өндірісі «TCG Anadolu» әскери кемесінің 23 сәуір күні Стамбулдан Қаратеңізге қарай жүзетінін мәлімдеді.

Стамбул Сарайбурнуда зәкірлі «TCG Anadolu» кемесінде Теңіз күштері қолбасшылығы ұйымдастырылған бейнеконференцияға қатысқан Акар іс-шаралар туралы ақпарат алып, тапсырмалар берді.

10 сәуір күні Түрік Қарулы күштеріне салтанатты рәсіммен тапсырылған кеменің 17 сәуір күні халыққа ашылғанын еске салған Акар 4 күнде кемені 52 мың азаматтың аралағанын мәлімдеді.

"TCG Anadolu" 23 сәуір күні Сарайбурнудан Қаратеңізге өтетінін мәлімдеген Акар «Әскери-әуе күштерінің болат қанаттары әскери кемемізге серік болады. Әрі Ораза айтты, әрі "23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар күні" мерекесі мен Түрік Қарулы күштеріміз қол жеткізген мақтанышты бірге тойлаудамыз. 23 сәуір күні сағат 09:00-дан бастап, «TCG Anadolu» Сарайбурнынан Қаратеңізге қарай жүзеді» деді.

Ұлттық Қорғаныс министрі «TCG Anadolu» әскери кемесін түрік инженерлігі, шеберлігі, кәсіпкерлігі, әскери-теңіз қолбасшылығы мен Түркияның үлкен жетістігі, мақтанышы және абыройы деп бағалады.

Акар кеменің бейбіт және дағдарыс кезінде бөлек міндеттер атқаратынын және гуманитарлық көмек,  апат пен төтенше жағдайларда қолданылатынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар