Соңғы 3 айда Стамбул әуежайын 16,4 миллион жолаушы пайдаланды

«IGA» Бас директоры Кадри Самсунлу хабарлама жасады.

1974801
Соңғы 3 айда Стамбул әуежайын 16,4 миллион жолаушы пайдаланды

Стамбул әуежайын жылдың алғашқы үш айында 16 миллион 403 мың жолаушы пайдаланды.

Стамбул әуежайының операторы «IGA» Бас директоры Кадри Самсунлу өткен жылмен салыстырғанда 2023 жылдың алғашқы үш айында әуежайды пайдаланған жолаушылар санын әлеуметтік медиа аккаунтынан жариялады.

Осыған қарағанда өткен жылдың алғашқы үш айында 11 миллион 371 мың жолаушы пайдаланған Стамбул әуежайы ағымдағы жылдың бірдей кезеңінде 16 миллион 403 мың жолаушыға ұласты.

Кесте бойынша Стамбул әуежайын қаңтар айында 3 миллион 466 мың, ақпан айында 3 миллион 549 мың және наурыз айында болса 4 миллион 355 мың жолаушы пайдаланды. Стамбул әуежайы ағымдағы жылдың қаңтар айында 63 пайыз өсіммен 5 миллион 637 мың жолаушы, ақпан айында 42 пайыз өсіммен 5 миллион 24 мың, наурыз айында да 32 пайыз өсіммен 5 миллион 742 мың жолаушыны қабылдады.



Ұқсас жаңалықтар