Эмине Ердоған Нью-Йоркке барады

Президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Эмине Ердоған 30 наурызда Нью-Йоркте өтетін «Халықаралық Қалдықсыз күніне» қатысады.

1964055
Эмине Ердоған Нью-Йоркке барады

Президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Эмине Ердоған 30 наурызда өтетін арнайы отырыста Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Жалпы кеңесінен  Түркияда жүзеге асырылып жатқан «Қалдықсыз» жобасының кеңінен таралуы үшін барша әлемге үн қатады.

Эмине Ердоған 2022 жылдың қыркүйегінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 77-ші Жалпы кеңесінде АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррешпен кездескен.   Антониу Гутерреш пен Эмине Ердоған «Қалдықсыз жобаны» таратуға қатысты ізгі ниет декларациясына қол қойған.

Осы шешіммен Бас Жалпы кеңесі 30 наурызды «Халықаралық қалдықсыз күні» деп жариялады.

Осы аяда Эмине Ердоған мен Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу БҰҰ Бас хатшылығының арнайы қонағы ретінде 30 наурыз «Халықаралық Қалдықсыз күніне» орай ұйымдастырылатын арнайы сессияға қатысу үшін Нью-Йоркке барады.

Сессияда сөз сөйлейтін Эмине Ердоған Түркияда жүзеге асырылып жатқан «Қалдықсыз» жобасының егжей-тегжейлерін түсіндіреді және жобаны іске асыруды бүкіл әлемде кеңейтуге шақырады.

 

 



Ұқсас жаңалықтар