Хулуси Акар Ирак қорғаныс министрімен кездесті

Хулуси Акар террор ұйымы PKK-ның әрі Түркияға , әрі Иракқа қауіп төндіретінін айтты.

1963024
Хулуси Акар Ирак қорғаныс министрімен кездесті

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар террор ұйымы PKK-ның әрі Түркияға, әрі Иракқа қауіп төндіретінін айтты.

Акар Ирак премьер-министрі Мұхаммед Шия ас-Суданидің ресми сапары аясында елорда Анкараға келген Ирак қорғаныс министрі Сабит Мұхаммед Саид Рада әл-Аббасимен кездесті.

Кездесуде екіжақты және аймақтық қорғаныс, қауіпсіздік және қорғаныс өнеркәсібіндегі ынтымақтастық талқыланып, Түркия мен Ирак арасындағы достық пен бауырластық байланыстары мен жүздеген жылдық тарихи өткенге тоқталды.

Кездесуде террор ұйымы PKK-ның әрі Түркияға, әрі де Иракқа қауіп төндіретінін түсіндірген Акар Түркияның Ирак қатарлы барлық көршілерінің шекарасы мен аумақтық тұтастығын құрметтейтінін, Түрік Қарулы Күштерінің өз шекаралары мен халқын қорғауда және террорды жоюда табанды екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар