Ұлттық Қорғаныс министрлігі астық дәлізіне тоқталды

Түркия Ресей мен Украинаның астық дәлізі бастамасын ұзартуға бағытталған қадамдарын жоғары бағалады.

1959658
Ұлттық Қорғаныс министрлігі астық дәлізіне тоқталды

2022 жылдың 24 ақпанынан бері жалғасуда. Ресей-Украина соғысы салдарынан туындаған астық дәлізі дағдарысын шешу үшін Түркияның бастамасымен  құрылған «Астық дәлізіндегі» процес әдетте 18 наурызда аяқталатын еді.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі осы тақарыпқа байланысты мәлімдеме жасады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Ресей арасында Швейцарияның Женева қаласында Астық дәлізі келісімінің ұзартылуына байланысты кездесу өткізілді. Тараптар Астық дәлізі келісімінің тағы 60 күнге ұзартылуын қабылдағандарын жариялады.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде « президентіміз (Режеп Тайып Ердоған) және Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутеррештің қатысуымен 2022 жылы 22 шілдеде Түркия, Ресей, Украина және Біріккен Ұлттар Ұйымы Қаратеңіз астық бастамасы құжатына қол қойған еді. Қаратеңіз астық бастамасы құжаты аясында осы  уақытқа дейін Украина порттарынан 24 миллион тонна астық жеткізілді және астық мұқтаж елдерге жөнелтілді» делінді.



Ұқсас жаңалықтар