Абдул Ердоғанның мұсылман елдерінің лидері  екенін айтты

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп Малайзия Өкілдер палатасының төрағасы Дато Джохари бин Абдулмен кездесті.

1939937
Абдул Ердоғанның мұсылман елдерінің лидері  екенін айтты

Малайзия Өкілдер палатасының төрағасы Дато Джохари бин Абдул президент Режеп Тайып Ердоғанның мұсылман елдерінің лидері  екенін айтты.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп Алжирде өткен Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Парламенттік Одағының 17-ші конференциясы аясында Малайзия Өкілдер палатасының төрағасы Бин Абдулмен кездесті.

Шентоп өзара жақсы қарым-қатынастарға риза екенін түсіндіріп, екі ел парламенттері арасындағы байланыс пен ынтымақтастықты одан әрі арттыруға болатынын айтты.

Малайзиямен жан-жақты стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілген екіжақты қарым-қатынастар аясында сауда көлемін теңгерімді түрде арттыру мақсатын білдірген Шентоп Түркияның 15 шілдедегі ФЕТО-ның төңкеріс әрекетін бастан өткергенін еске салып, атылмыш ұйымның әрекетін атап өтті. Ұйымның бұл әрекеттерінің ынтымақтастық жасап жатқан елдерге қауіп төндіретінін айтты.

Малайзия Өкілдер палатасының президенті Бин Абдул ФЕТО құрылымын түсінетіндерін және Түркияны қолдайтындарын білдірді.

Абдул «(Президент Режеп Тайып) Ердоғанды біз де жоғары бағалаймыз  және оны мұсылман елдерінің лидері деп айта аламыз» деп көрсетті.

 

 



Ұқсас жаңалықтар