Ердоған Ирак премьер-министрімен сөйлесті

Ердоған екіжақты және аймақтық ынтымақтастықтың әр салада нығая түсетініне сенім білдірді.

1930819
Ердоған Ирак премьер-министрімен сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Ирак премьер-министрі Мұхаммед Шия эс-Суданимен телефон арқылы сөйлесті.

Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда телефонда Түркия-Ирак қарым-қатынастары мен аймақтық мәселелер талқыланды.

Телефонда президент Ердоған алдағы кезеңде екіжақты және аймақтық ынтымақтастықтың әр салада нығая түсетініне сенім білдірді.

Ирактың тыныштығына, тұрақтылығына және аумақтық тұтастығына Түркиянікі сияқты үлкен мән беретіндерін айтқан президент Ердоған Ирак жерінде бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның күшін тоқтатудың да осы елдің ұлттық қауіпсіздік мүдделерінің қажеттілігі екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар