Министр Чавушоғлу мен Блинкен телефонда сөйлесті

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен телефон арқылы сөйлесті.

1922630
Министр Чавушоғлу мен Блинкен телефонда сөйлесті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында министр Чавушоғлу Түркияның Сириядағы террормен күресін табанды түрде жалғастыратынын атап көрсетті.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде «Чавушоғлу мен Блинкен телефон арқылы сөйлескені, Украинадағы соңғы өзгерістер, әсіресе тараптардың астық келісімінің орындауы, НАТО-ның кеңеюі, Түркияның F-16 жойғыштарын сатып алу процесі және Анкара мен Вашингтон арасында алдағы кезеңге жоспарланған сапардың күнтізбесін талқылағаны хабарланды.

Мәлімдемеде кездесуде Сириядағы соңғы оқиғалардың да күн тәртібіне келгені аталып, министр Чавушоғлу Түркияның террормен күресінің табандылықпен жалғасатыны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар