Чавушоғлу: "Террор ұйымының Иракты паналауына рұқсат бермейміз"

Министр Чавушоғлу Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде 2023 бюджеті отырысында баяндама жасады.

1918097
Чавушоғлу: "Террор ұйымының Иракты паналауына рұқсат бермейміз"

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу PKK/PYD/YPG террор ұйымының Сирия мен Иракты паналауына еш қашан рұқсат бермейтіндерін баса айтты.

Чавушоғлу Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Жалпы кеңесінде министрліктің 2023 жылға арналған бюджетіне қатысты баяндамасында Түркия орын алатын аймақта тұрақсыздық, қақтығыстар және террордың ешқашан аяқталмағанын, қарсыластардың Түркияның тек терроризм және қақтығыстармен күресіп, бар күшін осыған жұмсауын қалағанын атап көрсетті.

Чавушоғлу Түркияның бұл қулықпен айналыспағанын, тек террормен күресте ғана емес, көптеген жаһандық мәселелерде халықаралық қоғамдастыққа жетекшілік ететінін, Түркия дамыған сайын террорды қолдайтындардың айналасында талпыныстарын арттырғанын, PKK-ның қайтадан іске қосылғанын түсіндірді.

PKK/PYD/YPG-нің Сирия мен Иракты паналауға еш қашан рұқсат бермейтіндерін атап көрсеткен Чавушоғлу «Кімде-кім не десе де, қажет нәрсені жасаймыз» деді.

Әрқашан мәселелердің келіссөз арқылы шешілуін қалағандарын атап көрсеткен Чавушоғлу мұның тек өздеріне байланысты емес екенін, әрі қарсыластарының, әрі аймақтық және жаһандық жағдайлардың бұған қолайлы болуы керектігін баса айтты.

Сирияда біраз уақыттан бері барлау қызметтері арқылы режиммен келіссөздер жүргізгендерін білдірген Чавушоғлу «Режим шынайы қозғалатын болса, біз лаңкестікпен күрес, саяси үдеріс және сириялықтардың елдеріне кері оралуы тақырыптарында бірге жұмыс істеуге дайынбыз. Басқаша ойлау мүмкін емес. Иракта да осындай саясатты ұстанамыз. Егер сұхбаттастарымыз үндеуімізге құлақ асса, біз терроризммен бірге күресеміз. Жоқ, олар жауапсыз қалса, өз кіндігімізді өзіміз кесеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар