Акар Франция және Израиль қорғаныс министрлерімен сөйлесті

Хулуси Акар Франция қорғаныс министрі Себастьян Лекорну және Израиль қорғаныс министрі Бенни Ганцпен телефон арқылы сөйлесті.

1912607
Акар Франция және Израиль қорғаныс министрлерімен сөйлесті

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар Франция қорғаныс министрі Себастьян Лекорну және Израиль қорғаныс министрі Бенни Ганцпен телефон арқылы сөйлесті.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Акар мен Лекорну телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында екі жақты аймақтық қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Израиль министрі Ганц отставкаға кетуіне байланысты қоштасу үшін Акарға телефон шалды. Акар мен Ганц әңгімеде екі ел арасындағы қарым-қатынастарды өзара мүдделер және өзара сезімталдыққа құрмет негізінде дамытудың маңыздылығына тоқталды.



Ұқсас жаңалықтар