Чавушоғлу Ердоғанның Путин және Зеленскиймен сөйлескенін айтты

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу астық дағдарысына байланысты астана Анкарада журналистерге мәлімдеме жасады.

1900641
Чавушоғлу Ердоғанның Путин және Зеленскиймен сөйлескенін айтты

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу президент Режеп Тайып Ердоғанның Ресей президенті Владимир Путин және Украина президенті Владимир Зеленскиймен астық дағдарысы бойынша сөйлескенін хабарлады.

Министр Чавушоғлу астық дағдарысына байланысты астана Анкарада журналистерге мәлімдеме жасады.

Чавушоғлу астық дағдарысын шешу үшін байланыстардың басталғанын және Ресей экспорттайтын астық пен тыңайтқыштың алдындағы кедергілердің әлі де жалғасып жатқанын, Түркияның бұл процесті Біріккен Ұлттар Ұйымымен қадағалап отырғанын айтып, кедергілерді жою үшін нақты қадамдар жасау керектігін атап өтті.

«Біз Түркия ретінде күш-жігерімізді жалғастырамыз» деген Чавушоғлу президент Ердоғанның Ресей президенті Путинмен және Украина басшысы Зеленскиймен сөйлескенін айтты.

Путиннің Түркияда газ орталығын құру ұсынысына қатысты министр Чавушоғлу «Путиннің газ орталығына қатысты ұсынысынан кейін энергетика министрлері тағайындалды. Қазіргі уақытта біздің энергетика министрліктері арасында техникалық деңгейде жұмыс жалғасуда» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар