Небатидің Сауд Арабиясы сапары жалғасуда

Министр Небати Сауд Арабиясының Инвестиция министрі Халид Әл-Фалихпен кездесті.

1898290
Небатидің Сауд Арабиясы сапары жалғасуда

Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта 6-шы «Болашақ инвестициялық бастама» конференциясы өтті.

Конференцияға Түркия атынан Қазына және қаржы министрі Нуреддин Небати қатысты.

Сауд Арабиясында министр Небатидің құрметіне ұйымдастырылған қонақасы да көпшіліктің назарын аударды.

Нуреддин Небати мұндағы байланыстары аясында әлемнің көптеген елдерінен келген аға инвесторлармен және бизнес өкілдерімен кездесті.

Түрік экономика үлгісінің мүмкіндіктері мен Түркияның әлеуетін түсіндірген Небати әлеуметтік медиа аккаунтында байланыстарымен бөлісті.

Небати «Біз еліміздің қуатты инвестициялық әлеуетін жеткіздік. Инвесторлардың елімізге деген қызығушылығы қуантады» деді.

Министр Небати Сауд Арабиясының Инвестиция министрі Халид Әл-Фалихпен де кездесті.

Кездесуде тиімді диалог арналары арқылы қол жеткізген қарқынды сақтау үшін екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған қадамдар келісілді.



Ұқсас жаңалықтар