Ибрахим Калын Украина астығын тасымалдауға тоқталды

Ибрахим Калын Түркияның астық келісімі мерзімінің ұзартылуын жақтайтынын білдірді.

1894540
Ибрахим Калын Украина  астығын тасымалдауға тоқталды

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Украинадан астық тасымалдауды қамтамасыз ететін астық дәлізі келісімінің мерзімінің 16 немесе 19 қарашада аяқталатынын және бұл мерзімнің ұзартылуын жақтайтындарын білдірді.

Ибрахим Калын жеке телеарнада сұрақтарға жауап берді.

Калын астық келісімінің ұзарып-ұзармайтыны туралы сұраққа жауабында Түркияның келісім мерзімінің ұзартылуын жақтайтынын білдірді.

Ибрахим Калын:

"Келісімнің мерзімі 16 немесе 19 қарашада аяқталады. Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путинге оны 3 - 6 ай немесе 1 жылға ұзарту туралы қажетті ұсыныстарды берді. Жағдай ойдағыдай деп ойлағанымызбен,  ресейліктер әлі нақты жауап берген жоқ» деді.

"Үмітіңіз бар ма?" деген сұраққа жауабында Калын:

"Үміттімін. Осы мәселе бойынша Президентіміздің Путин мырзаға айтқан ұсынысы мен өтінішіне жауап беріледі деп ойлаймын. Барлығы айтып жүргендей, біздің Президентіміз бұл бағытта нәтиже алатын бірден-бір көшбасшы. Өйткені Путин мырзаға осы мәселелер бойынша сөз айтатын еуропалық немесе америкалық басшылар қалмады» деп көрсетті.

Калын Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары Мартин Гриффитстің де Ресеймен осы тақырыпта келіссөз жүргізіп жатқанын айтты.

Орыс астығының үлкен маңызы бар екенін айтқан Калын:

"Путин мырза 150 миллион тоннадан сөз қозғады. Оның бір бөлігін олар өздеріне қалдырады, мүмкін үштен бірін халықаралық нарыққа береді, бұл да өте маңызды бір көрсеткіш" деді.



Ұқсас жаңалықтар