Ердоған Бартында жарылыс болған кенге барды

Президент Ердоған қаза тапқан кеншілерге Алланың рақымын мен жаралылардың тез сауығып кетуін тіледі.

1893231
Ердоған Бартында жарылыс болған кенге  барды

Бүгінгі бағдарламаларын тоқтатқан президент Режеп Тайып Ердоған Бартынға барып, іздеу-құтқару жұмыстарын сол жерде бақылады.

Президент Ердоған әлеуметтік медиа парақшасындағы жазбасында Бартындағы кен апатынан кейін бірден басталған жұмыстардың сол жердегі көптеген ұйым мен министрдің қатысуымен үздіксіз жалғасқанын білдірді.

"Қаза тапқан кеншілердің отбасылары мен балалары - біздің аманатымыз. Біз қазаның орнын толтыра алмасақ та, қайтыс болған кеншілерімізді қайтара алмасақ та,  отбасындағылар мен жақындарына қамқорлық жасаймыз, оларға ие боламыз"  деді Ердоған.

Баршаның жүрегін жаралаған бұл қайғылы оқиғаны әділет органдарының барлық өлшемдерімен тексеретінін және ең кішкентай немқұрайлылықты жауапсыз қалдырмайтынын атап көрсеткен Ердоған қаза тапқан кеншілерге Алланың рақымын мен жаралылардың тез сауығып кетуін тіледі.



Ұқсас жаңалықтар