Түркия Эгейде бейбіт шешімді жақтайды

Акар Түркияның Эгейде бейбіт шешімді жақтайтынын айтты.

1886464
Түркия Эгейде бейбіт шешімді жақтайды

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар Түркияның Эгейде бейбіт шешімді жақтайтынын айтты.

Акар Шырнактағы сөйлеген сөзінде Грекияның соңғы кездегі арандатушылық әрекеттеріне қатысты «Біз Грекияның бұл әрекеттерден бас тартып, мәселені бейбіт жолмен және әдістермен шешуін жақтаймыз. Қаласа олар осында келсін, қаласа біз Грекияға барайық. Бұл мәселені шешейік. Түркия ешкімге қауіп төндірмейді, қауіп те емес. Дағдарыстан ең көп зардап шегетін гректер» деді.

Министр Акар өз сөзінде Ирактың солтүстігінде 140 шақырым тереңдіктегі аймақта жүргізілген операцияда 16 үңгірдің күйретілгенін хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар