Түрік Қызыл жарты ай қоғамы Чадқа жәрдем беруде

Түрік Қызыл жарты ай қоғамы Чадтағы нөсер жаңбыр салдарынан зардап шеккендерге қол ұшын беруде.

1876704
Түрік Қызыл жарты ай қоғамы Чадқа жәрдем беруде

Түрік Қызыл жарты ай қоғамы Чадтағы нөсер жаңбыр салдарынан зардап шеккендерге 500 азық-түлік пен 500 материал пакетін таратты.

Ел астанасы Энжеминедегі азық-түлік пакеттерін жеткізу рәсіміне Түркияның  Чадтағы өкілетті және төтенше елшісі Кемал Кайгысыз, Энжемин 2-аймағының әкімі Юсуф Махамат Яро, Түрік Қызыл жарты ай қоғамы Чад делегациясының басшысы Фирас Канкан және Чад Қызыл Крестінің төрағасы Хала Ахмат Сенусси қатысты.

Елші Кайгысыз бағдарламада сөйлеген сөзінде Түркия мен Чад халықтары арасындағы байланыстың күшті және мәдениеттерінің ұқсас екенін айтты.

Кайгысыз Чадтың Түркияның маңызды және стратегиялық серіктесі екенін білдірді.

Кайгысыз «Чадиялық бауырларымызға көрсеткен көмегіміз әрқашан тегін. Түрік азаматтық ұйымдарының Чадқа қосқан үлесі жалғасады».

Қала мэрі Яро болса, Түркия мен Түрік Қызыл жарты айы қоғамына қолдаулары үшін алғыс айтты.



Ұқсас жаңалықтар