"Шекараны қорғау - Түркияның ең табиғи құқығы"

Министр Акар журналистердің сұрақтарына жауап берді.

1871346
"Шекараны қорғау - Түркияның ең табиғи құқығы"

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Сирияның солтүстігінде болуы мүмкін операцияға қатысты: «Еліміздің және шекарамыздың қауіпсіздігі үшін халықаралық құқық және өзін-өзі қорғау тұрғысынан операция жасау - Түркияның ең табиғи құқығы» деді.

Министр Акар кеше Президенттік кешенде өткен Министрлер кабинеті отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Сирия режимімен келіссөздерді бастау керек пе? деген сұраққа байланысты Акар президент пен министрлердің бұл мәселеге қатысты мәлімдеме жасағанын еске салып, келіссөздердің шарттар мен жағдайға тәуелді бір процесс екенін айтты.

Министр Акар режиммен ықтимал кездесуде Түрік Қарулы күштерінің операцияларының тағдыры туралы сұраққа: "Еліміз бен шекарамыздың қауіпсіздігі үшін халықаралық құқық және өзін-өзі қорғау тұрғысынан операция жасау - Түркияның ең табиғи құқығы. Бұл тұрғыда не қажет болса, соны жасадық және болашақта да жасаймыз. Еліміздің құқықтары мен мүдделерін қорғау біз үшін маңызды және біз бұған бел будық» деп жауап берді.

Министр Акар Түркия Республикасының нысанасы тек террористтер екенін баса айтты.

Хулуси Акар АҚШ-тан F-16 ұшағын жеткізуге қатысты сұраққа тақырыпқа байланысты төртінші кездесудің 15 тамызда АҚШ-та өткенін айтып, келіссөздердің оң бағытта жалғасқанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар