Алтун Ердоғанның Украинаға сапары туралы хабарлама жасады

Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун президент Ердоғанның Украина сапарын бағалады.

1870081
Алтун Ердоғанның Украинаға сапары туралы хабарлама жасады

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун президент Режеп Тайып Ердоғанның Украинаға сапарының дипломатиялық шешімдердің тиісті көшбасшылармен талқылануы және халықаралық тұғырда көпжақтылықты қабылдау арқылы қамтамасыз етілетініне сенімінің дәлелі екенін айтты.

Алтун әлеуметтік желідегі аккаунтынан президент Ердоғанның кешегі Украина сапарына қатысты хабарлама жасады.

Президент Ердоғанның Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерреш және Украина президенті Владимир Зеленскиймен бейбітшілік талпыныстарын одан әрі жалғастыру мақсатында кездесу өткізгенін еске салған Алтун «Түркияның Украинаның аумақтық тұтастығы мен егемендігіне ұзақ уақыттан бері берген қолдауын тағы бір рет қайталаған Ердоған атысты тоқтату және бейбіт келіссөздерге қол жеткізу үшін дипломатиялық талпыныстарда алдынғы қатарда орын алды» деді.

Фахреттин Алтун наурыз айында Ресей мен Украина делегацияларын Стамбулда алғаш рет бас қосуын қамтамасыз еткен Түркияның бұл процесті жалғастыруға талпынғанын атап көрсетті.

Алтун Түркияның президент Ердоғанның көшбасшылығының арқасында Украинаға гуманитарлық жәрдемнен бастап, көптеген салада қолдау көрсеткенін, дәнді дақыл экспорты бойынша Стамбул келісімінің (22 шілде) жаһандық азық-түлік жеткізу тізбегіндегі қысымды жеңілдеткен серпіліс болғанын айтты.

Коммуникация басқармасы төрағасы «Құрметті президентіміз Режеп Тайып Ердоған қақтығыс басталғаннан күннен бері (24 ақпан) үздіксіз келіссөздер жүргізіп келеді және оның талпыныстары айтарлықтай нәтиже берді. Президент Ердоғанның Украинаға сапарының дипломатиялық шешімдердің тиісті көшбасшылармен талқылануы және халықаралық тұғырда көпжақтылықты қабылдау арқылы қамтамасыз етілетініне сенімінің дәлелі. Бейбітшілік пен тұрақтылыққа қол жеткізу үшін халықаралық қауымдастық бұл күш-жігерді қолдауы керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар