Акар: "Эгей мен Жерорта теңізінің достық теңізі болуын тілейміз"

Акар «Анадолу сұрайды» атты Анадолы ақпарат құралдарының ортақ тікелей эфиріне қатысты.

1867026
Акар: "Эгей мен Жерорта теңізінің достық теңізі болуын тілейміз"

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар «Бейбітшілік пен тұрақтылық үшін Эгей мен Жерорта теңізінің достық теңізі болуын тілейміз» деді.

Хулуси Акар кеше Анадолы ақпарат құралдарының «Анадолу сұрайды» атты ортақ бағдарламасының тікелей эфиріне қатысып, күн тәртібіне қатысты бағалау жасады.

Түркияның күшті, сенімді және тиімді бір одақтас екенін баршаның білуі керектігін атап көрсеткен Акар «Бейбітшілік пен тұрақтылық үшін Эгей мен Жерорта теңізінің достық теңізі болуын тілейміз. Біз Түркияның және Кипрдегі бауырларымыздың құқығы мен мүдделерін қорғауда табандымыз, Құдайға шүкір, мұны да жасайтын күшке иеміз» деді.

Бір ғасыр бұрын зұлым басқыншылық әрекеті мен қатыгездігін тоқтатқан Ұлы Жеңістің 100 жылдығы тойланатынын еске салған Акар Грекияның тарихтан сабақ алып, түңілуге ​​әкелетін жаңа шытырман оқиғаларға бой алдырмау керектігін баса айтты.

Акар Сирияға бағытталатын жасалуы ықтимал террормен күрес операциясына қатысты бір сұраққа қайтарған жауабында аймақта террористтерге орын жоқ екенін, олардың жасағандарына бей-жай және әрекетсіз қалмайтындарын баса айтты.

Сирия жерінен бөлшектеуші террор ұйымын шығару тақырыбында әрі АҚШ, әрі Мәскеумен келісім жасағандарын және бұл екі елдің келісімге бағынуы керектігін айтқан Хулуси Акар «Әсіресе соңғы уақытта Тель-Абяд пен Манбидж аймақтарынан қудалау мен шабуылдар көбейді. Сол жер қорқынышты ұясына айналды. Егер қудалау және шабуыл әрекеті болған жағдайда, біз оларға еш ойланбастан жауап қайтарамыз» деді.

Түркияның Ресей-Украина соғысы басынан бері екі елмен байланыста екеніне назар аударған Ұлттық Қорғаныс министрі Монтре келісімі (1936) аясында Қаратеңізге шекаралас елдердің бейбіт, келіссөз және тыныш өмір сүруі үшін күш жұмсағандарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар