Сауд Арабиясында түрік мектептері ашылады

Ұлттық Білім беру министрі Махмут Өзер Сауд Арабиясының Білім министрі Хамад әл-Шайхпен Парижде кездесті.

1862247
Сауд Арабиясында түрік мектептері ашылады

Сауд Арабиясында Түркия Республикасы Ұлттық Білім беру министрлігіне қарасты түрік мектептері қайтадан қызмет көрсете бастайды.

Ұлттық Білім беру министрлігінен жасалған мәлімдемеде Сауд Арабиясы үкіметінің шешімімен ел астанасы Эр-Рияд пен басқа уәлаяттарда жұмыс істейтін түрік мектептерінің 2020-2021 оқу жылының аяғынан бастап сатылы түрде жабылғаны еске салынды.

Мәлімдемеде Сауд Арабиясында министрлікке қарасты мектептер Түркия үкіметінің дипломатиялық байланыстары және Ұлттық Білім беру министрлігінің бастамасымен қайта ашылатыны білдірілді.

Ұлттық Білім беру министрі Махмут Өзер  Франция астанасы Парижде қатысқан «Білімді трансформациялаудың алғашқы саммиті» аясында Сауд Арабиясының Білім министрі Хамад әл-Шайхпен өткізген екіжақты кездесуінде мектептердің жағдайы да талқыланды.

Екі ел ұйымдарының байланыстары нәтижесінде қысқа мерзімде қайта ашылатын мектептерге оқушыларды қабылдау және басқа да процедуралар бойынша зерттеулер жақында басталады.



Ұқсас жаңалықтар