Түркия Пәкістанға көңіл айтты

Түркияның ауыр апатта қаза тапқандарға Алладан иман тілегені, Пәкістан халқына, дос және бауырлас Пәкістан халқы мен үкіметіне көңіл айтқаны білдірілді.

1856533
Түркия Пәкістанға көңіл айтты

Түркия Пәкістандағы қайық апатында қаза тапқандар үшін көңіл айтты.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде:

«Пәкістанның Пенджаб уәлаятындағы Инд өзенінде қайықтың аударылуы салдарынан көптеген адам қаза тапқаны хабарына қатты қайғырдық»деп көрсетілді.

Мәлімдемеде үкіметтің ауыр апатта қаза тапқандарға Алладан иман тілегені, Пәкістан халқына, дос және бауырлас Пәкістан халқы мен үкіметіне көңіл айтқаны білдірілді.

Уәлаятқа қарасты Рахим Яр Хан қаласының лауазымдылары кеше үйлену тойынан қайтып келе жатқан 100 адамы бар қайықтың аударылуы салдарынан 19 әйелдің қаза тапқанын және көп адамның жоғалып кеткенін жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар