Акар АҚШ-тың шарттарына наразылық көрсетті

Акар АҚШ-тың Өкілдер палатасының Түркияға F-16 ұшақтарын сатуды қарастыратын заң жобасына наразылық көрсетті.

1856594
Акар АҚШ-тың шарттарына наразылық көрсетті

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Америка Құрама Штаттарының Өкілдер палатасының Түркияға F-16 ұшақтарын сатуды қарастыратын заң жобасына наразылық көрсетті.

Хулуси Акар бас қала Анкарада журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Грекияның Түркияға F-16 ұшақтарының сатылуын болдырмауға бағытталған әрекеттеріне және АҚШ Өкілдер палатасының Ұлттық қорғаныс рұқсаты туралы заң жобасына F-16 соғыс ұшақтарын Түркияға сатуға шарт қойылғанына байланысты Акар процестің жалғасып жатқанын және оны мұқият қадағалап отырғандарын айтты.

Грекияның мәселені халықаралық қатынастар нормаларында түсіндіруге болмайтын деңгейге келгенін атап көрсеткен Акар «Грекия Түрік және АҚШ әскери делегациялары арасында F-16 ұшақтарының жеткізілуі және модернизациясы туралы келісімге түрлі бастамалармен мүмкіндігінше ықпал етуге тырысуда» деген сөздер қолданды.

НАТО-ның күшті болуы үшін мүшелерінің күшті болуы керектігін айтқан Акар былай деді:«Әскери лауазым иелері мұны біледі, жұмысымызды біледі, біз барлық кездесулерімізде өз ойымызды ашық айтамыз. Түркия мықты мемлекет. «Мен саған мынаны беремін, бірақ сен олай істемейсің» деген сөз болмауы керек. Біз әскери делегациялар арасындағы келіссөздерде ақылға қонымды параметрлермен келіссөздерімізді жалғастырамыз. Процесс жалғасуда. Біз әскери, саяси және дипломатиялық жұмыстарды жалғастырамыз. Біздің үмітіміз-- парасаттылығы басым, ақылға қонымды шешімдердің жасалуы».



Ұқсас жаңалықтар