Акар дәнді дақылдар мен азық-түліктің тасымалдануына тоқталды

Хулуси Акар «Дәнді дақылдар мен азық-түліктердің тасымалдануы үшін бір жоспар жасалды» деді.

1856380
Акар дәнді дақылдар мен азық-түліктің тасымалдануына тоқталды

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар Украина порттарында күтіп тұрған астық пен азық-түліктің теңіз арқылы қауіпсіз түрде жөнелтілуіне байланысты «Дәнді дақылдар мен азық-түліктердің тасымалдануы үшін бір жоспар жасалды. Тараптар жалпы принцип бойынша келісімге барды» деп көрсетті.

Акардың төрағалығымен Бас штаб төрағасы генерал Яшар Гүлер, Қарулы күштері қолбасшылары, министр орынбасарлары және бөлімше командирлерінің қатысуымен бейне телеконференция жиналысы өтті.

Бүкіл әлемді қамтыған астық дағдарысының шешімі үшін жалғастырған жұмыстарға тоқталған Акар осы аяда тиісті министрліктер мен мекемелердің көптеген екіжақты кездесулер өткізгенін айтты.

Ең соң 13 шілдеде Стамбулда Түркия, Ресей және Украина қорғаныс министрліктерінің әскери делегациялары мен Біріккен Ұлттар Ұйымы делегациясы арасында төрт жақты кездесу өткенін еске салған Акар кездесу аясында Украина мен Ресей Федерациясы әскери делегацияларының БҰҰ мүшелерімен алғаш рет бір үстел төңірегінде бас қосқанын атап өтті.

Министрі Акар «Дәнді дақылдар мен азық-түліктердің тасымалдануы үшін бір жоспар жасалды. Тараптар жалпы принцип бойынша келісімге барды. Біз мұны нақты іске асыру жоспарына айналдыру бойынша жұмысымызды жалғастырудамыз. Осы тұрғыда Стамбулда бір операциялық орталықтың құрылуы, порттан шығу және бару нүктелерінде бірлескен бақылау жұмыстарының жасалуы, сондай-ақ тасымалдау жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты негізгі техникалық мәселелер талқыланды» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар