Ердоған 15 шілде күніне орай үндеу жариялады

Президент Режеп Тайып Ердоған 15 шілде Демократия және Ұлттық бірлік күніне орай бейне үндеу жариялады.

1855494
Ердоған 15 шілде күніне орай үндеу жариялады

Президент Режеп Тайып Ердоған 2016 жылы 15 шілдеде төңкеріс жасауға әрекеттенген Фетуллахшы террор ұйымына қарсы жазылған қаһармандық дастан Түркияны ешкім жеңе алмайтынның және түрік ұлтының ешкімге тізе бүкпейтіннің бір дәледі болып табылады.

Президент Режеп Тайып Ердоған 15 шілде Демократия және Ұлттық бірлік күніне орай бейне үндеу жариялады.

Президент  Ердоған үндеуінде «Біз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып дұшпанға қарсы тойтарыс бердік. Бұл жеңіс арқылы Түркияны ешкімнің алмайтынын және түрік ұлтының ешкімге тізе бүкпейтінін барша әлемге көрсеттік» деген сөздер қолданды.

Президент  Ердоғанның жолдауында 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінің мемлекет пен ұлтқа жасалған ең опасыз шабуылдардың бірі екенін атап көрсетті. Ердоған төңкеріспен әлсіремеген Түркияның экономиканы өз қолына алуға тырысқанына назар аударды.

Президент Ердоған «Инфляция тек біздің ғана емес, бүкіл әлемнің мәселесі. Алла бұйырса біз барлық қиыншылықтарды жеңіп алға қарай ілгерілейміз» деді.

Президент Ердоған «Төңкеріс әрекетінің басталуымен халқымыз көшелер мен алаңдарға шығып, танкке, ұшаққа, тікұшаққа, оқтарға қарсы кеудесін керіп тұрып тойтарыс берді. Ұлтымыз өзінің батылдығы мен қаһармандығын барша әлемге дәлелдеді» деген сөздер қолданды.  

Ердоған «Төңкеріс әрекеті болған 15 шілде күні түнде  біз республикамызға, демократиямызға және барлық жеңістерімізге ие шықтық» деп көрсетті.

15 шілдедегі демократиялық бақылаудың жалғасып жатқанын айтқан  Президент «Тарихымыздың ең даңқты жеңістерінің бірі – 15 шілдені ұлттық жадымызда қалдыру. Осы мақсатпен ұйымдастырылған іс-шараларға биыл 9 мыңға жуық жобалық өтініш келіп түсті. Бұл демократиялық қадағалаудың жалғасып жатқанын дәлелдеуде» деді.



Ұқсас жаңалықтар