АҚШ-та Түркияға F-16 сатудың заң жобалары талқылануда

Крис Паппас Түркияға F-16 сатуды мақсат еткен екі заң жобасының біріншісін қайтарып алып, екіншісін қайта қарады.

1854887
АҚШ-та Түркияға F-16 сатудың заң жобалары талқылануда

Америка Құрама Штаттарындағы  грек лоббиіне жақындығымен танымал Нью-Гэмпширдегі демократтың өкілі  Крис Паппас Түркияға F-16 сатуды мақсат еткен екі заң жобасының біріншісін қайтарып алып, екіншісін қайта қарады.

Өкілдер палатасының ережелер комитеті АҚШ Қорғаныс министрлігінің 2023 жылға арналған бюджетін қамтитын Ұлттық қорғанысты рұқсат ету заңын (NDAA) талқылады.

Паппастың көптеген конгресс мүшелерінің қолдауымен АҚШ-тың Түркияға F-16 сатуын болдырмауды мақсат еткен NDAA жобасына қосылу ұсынысы да күн тәртібінде болды.

Нью-Гэмпшир өкілінің Түркияның атын атамай, «НАТО одақтасына бірнеше рет рұқсатсыз әуе кеңістігін бұзған бір елге қару сатуға тыйым салатын бастапқы заң жобасының қайта қарау үшін кері қайтарылғаны хабарланды.

Комитеттің сайтында заң жобасына «қайтарылып алынды» деген сөз қосылды.

Грек лоббиіне жақындығымен танылған өкілдің екінші жобасы «түзетіліп, қайта ұсынылды» деп жазылғаны білдірілді.

Бұл заң жобасында F-16 ұшағын Түркияға сатудың екі шарты болды.

Заң жобасында Президенттің Сыртқы байланыстар және Сенат пен Өкілдер палатасының Қарулы Күштер комитеттері бұл сатылымның Америка Құрама Штаттарының «ұлттық мүддесіне» сай келетінін және осы F-16 ұшақтарын пайдаланбау үшін қабылданған нақты қадамдарды егжей-тегжейлі сипаттады. Түркия Грекия аумағында рұқсатсыз ұшулар үшін түсініктеме беруі керектігі айтылды.

Заң жобасының 2023 жылғы қорғаныс бюджеті заңымен заңға айналуы үшін Өкілдер палатасының жалпы жиналысынан және Сенаттың тиісті комитеттерінен өтуі керек.



Ұқсас жаңалықтар