Түркия-Армения кездесуі Венада өтеді

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлама жасады.

1849081
Түркия-Армения кездесуі Венада өтеді

Түркия мен Армения арасында қатынастарды қалыпқа келтіру келіссөздері шеңберінде арнайы өкілдер арасындағы төртінші кездесу 1 шілде күні Австрияның бас қаласы Венада өтеді.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлама жасады.  1 шілде күні Венада болатын кездесуге Түркия мен Армения қалыпқа келтіру процесі арнайы өкілдері Сердар Кылыч пен Армения Мәжіліс төрағасының орынбасары Рубен Рубиниан қатысады.

Екі ел арасындағы қатынастарды қалыпқа келтіру кездесулерінің алғашқысы 14 қаңтар күні Мәскеуде болған еді. Осы кездесуде Армения мен Түркия арасында 2020 жылы аяқталған рейстердің қайта басталуына шешім берілген еді.  Екі ел арасындағы рейстер ақпан айында қайта басталды.

Арнайы өкілдер екінші кездесуді 24 ақпан күні,  үшінші кездесуді 3 мамыр күні Венада жүргізді. Осы процесте Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян Анталияда болған Дипломатия форумына келген еді.



Ұқсас жаңалықтар